Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау имамдары 2022 жылдың жұмыс жоспарын айқындады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 11.02.2022 2482 0 пікір
Маңғыстау имамдары 2022 жылдың жұмыс жоспарын айқындады

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өңір имамдарының жылдық жұмыс жоспарын бекітуге қатысты жиналыс өтті.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен алқалы жиынға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының бас имамдары қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2022 жыл «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп аталғанын тілге тиек етіп, осы бағытта ерекше іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, бас имам дәстүрлі жеті бағыттың ішіндегі онлайн уағыз-насихат және ЖАНТ жұмыстарын жандандыру, білімді де білікті дін мамандарын тарту арқылы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтіп:

«ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Пәтуалар жинағы» жинағы аясында жергілікті халыққа түсіндірме жұмыстарын арттыру қажет. Маңғыстау жұртының діни сауатын көтеру – біздің басты міндетіміз» деді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру