Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: «Жомарт жұма» жобасын іске қосты

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 11.02.2022 2458 0 пікір
Атырау: «Жомарт жұма» жобасын іске қосты

Қасиетті жұма күнінің құрметіне Атырау облыстық орталық мешіті іске қосқан «Жомарт жұма» аясында тұрғындар таксимен тегін тасымалданып, қала тазалығына атсалысып жүрген жандарға тәттілер таратылуда.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан игі шараларға жұртшылық ризашылығын білдіруде.

Мәселен, Атырауда қала тазалығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген «Спецавтобаза» мекемесі қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәттілер таратылды. Сонымен бірге, Атырау мешіттерінің жамағаты тұрғындарды жұма құрметіне кешкі уақытқа дейін тегін тасымалдауда.

Тегін такси жолаушыларды «Нұрсая – Академия», «Махамбет-Исатай алаңы – Атырау политехникалық университеті», «Дамбы – Алғабас», «Авангард – Еркінқала», «Вокзал маңы – Талғайраң», Береке, Алмалы, «Балықшы – Авангард» бағыттарында тасымалдады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру