Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: «Хосписке» көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 11.02.2022 2426 0 пікір
ШҚО: «Хосписке» көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысы діни бірлестіктерінің басшылары Таврия ауылында орналасқан «Хоспис» мекемесіне көмек көрсетті.

Бұл игі шараға ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысына қарасты Өскемен және Семей аймағының бас имамдары ұйытқы болып, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қайырымдылық ісін жүзеге асырды.

«Хоспис» мекемесіне барып, басшылығымен және ондағы қариялармен кездескен Өскемен аймағы өкілдігінің бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Хоспис мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрдік. Сондықтан осы қасиетті айларда ішкі және сыртқы күрделі жұмыстарын жүргізуге жамағат және кәсіпкерлер қолдау көрсетсе екен» деген тілегін жеткізді.

Бас имам «Хоспистың» шатырына да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Ал мекеме басшысы Е.Оралбекұлы қайырымдылық көмек үшін ұйымастырушыларға алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру