Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жамбыл: Азан дауысы әуелей түспек

asyldin.kz 10.02.2022 2580 0 пікір
Жамбыл: Азан дауысы әуелей түспек

Жамбыл облысы Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен мешітке азан дауысын күшейтетін құрылғы мен дауыс ұлғайтқыш алынды.

600 ваттық дауыс күшейткіш пен 8 дана дыбыс қоңырауы әп-сәтте орнатылып, тексерістен өтті. Сауапты іске жұмылған жомарт жандарға бас имам бата беріп, кәсібіне береке тіледі.

Айта кетейік, азан – жер бетіндегі ең әуезді үн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Адамдар азан шақыру мен намаздың алдыңғы сапында тұрудың не екенін (қайыры мен сауабын) білсе және бұған қол жеткізу үшін жеребе тартудан басқа шарасы болмаса, міндетті түрде жеребе тартар еді». Міне, азанның қаншалықты ізгі амал екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру