Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Бас имам жастармен жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.02.2022 2036 0 пікір
ШҚО: Бас имам жастармен жүздесті

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында, сондай-ақ жастар тәрбиесі және болашақ тақырыбында өтті. Жүздесуге университет студенттерімен қатар оқытушылар да қатысты.

Басқосуда бас имам  Ермек Қасболатұлы асыл дініміз Исламның тәлім-тәрбиелік маңызы зор екенін айта келіп, ұлтымыздың салт-санасымен ұштасқан тағылымды әңгіме өрбітті.

«Жастар – ел ертеңі. Жастарымыз білімді, парасатты болып өссе, ертең еліміздің де болашағы нұрлы болады. Ол үшін ынтымақ пен бірлікті ту етіп, ел игілігі үшін еңбек етіп, білім алу керек. Ислам дінінде білім алу, халық үшін қызмет ету, әділдік қатарлы қағидаттарға зор сауаптар бар. Сонымен қатар жастар жат ағымдарға еріп, адаспау керек. Сондықтан діни сауаттылықты арттырудың маңызы зор» дей келе, биылғы «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылында жастарды қолдау бағытында атқарылатын шараларға тоқталды.

Студенттер бас имамның тағылымды насихатын ден қоя тыңдап, өздері байыбына бара алмай жүрген сұрағын қойып, жауап алды. Кездесуді ұйымдастырушылар тәлімдік жүздесу үшін бас имамға алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру