Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елорда имамдары жылдық жоспарды талқылады

muslim.kz 09.02.2022 1820 0 пікір
Елорда имамдары жылдық жоспарды талқылады

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің 2022 жылғы жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Бас имам Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға қаладағы 12 мешіттің бас имамдары, наиб имамдар мен ұстаздар қауымы қатысып, өкілдіктің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Бас имам ҚМДБ Төралқа мәжілісінде көтерілген мәселелерді қозғап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына тоқталды. «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында Елорда өкілдігінде атқарылуға тиісті ауқымды шараларды пысықтап, көпшіліктің талап-ұсыныстары тыңдалды.

ҚМДБ бекіткен жеті жұмыс бағыты: «Діни білім және ғылым», «Уағыз насихат және ихсан», «Дін мен дәстүр», «Ақпарат және ағарту», «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық» және «Діни оңалту» бағыттарына жекелей тоқталып, өкілдік бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру