Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бас имам Арқалыққа арнайы барды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.02.2022 1854 0 пікір
Қостанай: Бас имам Арқалыққа арнайы барды

Жуырда Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы іссапармен Арқалық шаһарына барды.

Ол алдымен аталмыш қаладағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітіндегі жұма намазына қатысып, «Ислам – ынтымық пен бірлік діні» тақырыбында көпшілікке ой салар уағыз айтты.

Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 1-4 курс студенттерімен кездесті. Басқосуда жастарға танымдық-тәрбиелік маңызы зор әңгіме қозғалды. Қатысушылар бас имамға шынайы алғыстарын білдірді.

Жүздесу одан әрі жергілікті Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Діни экстремизм қауіптілігі» тақырыбында жалғасты. Оған Бақытбек Нұрғабылұлымен бірге Арқалық қалалық мешітінің бас имамы да қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру