Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Волейболдан шағын турнир өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 08.02.2022 1590 0 пікір
Маңғыстау: Волейболдан шағын турнир өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа» мешіті имамдарының қолдауымен «Күшіміз бірлікте» атты волейболдан шағын турнир өтті.

Жарыс басында Маңғыстау өңірінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, жиналған спортсүйер қауымға салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі екенін айтып, спорт додасын ашық деп жариялады.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен волейбол жарысына Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті, Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті, Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешіті және Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа» мешітінің командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Мұстафа» мешітінің командасы иеленсе, ІІ орын облыстық орталық «Бекет ата» мешіті, ал ІІІ орын «Миғраж» мешітінің командаларына бұйырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру