Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: «Хәкім Хазірет» мешітіндегі Құран жарысы

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 07.02.2022 2249 0 пікір
Семей: «Хәкім Хазірет» мешітіндегі Құран жарысы

Семей аймағының «Хәкім Хазірет» мешітінде Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа айтудан сайыс өтті.

Тағылымы мол сайысқа отыздан астам шәкірт қатысса, қазылар алқасы жасөспірімдердің жаттау қабілеті мен қырағатын, тәжуидін тексеріп, жүзден жүйрігін анықтауға тырысты.

Қасиетті Құран аяттары оқылып, батамен басталған шара шымылдығын Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы өзі ашып, жарыстың маңыздылығын атап өтті. Әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран Кәрімді жаттаған қатысушыларға да жүрекжарды лебізін арнап, баршасына сәттілік тіледі.

Бірінен-бірі оза шапқан үміткерлер арасынан шын үздігін анықтау әділқазыларға қиынға соққанымен, бабы мен бағы қатар жанғандар жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қорытындысында бас жүлдені Жоламан Қуанышбек жеңіп алса, 1-орын Мұхммед Салехке бұйырды. Абдулазиз Бертаев 2-орынна көрінсе, Әмір Рахимов 3-орынды місе тұтты. Ал Ерасыл Жалел, Илья Саниязов пен Алтынбек Ермаковтар 4-орынды теңдей бөлісті.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың барлығы да арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сертификатка ие болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру