Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Жылдық жоспар талқыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 07.02.2022 2114 0 пікір
Ақтөбе: Жылдық жоспар талқыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас имам Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен өңір имамдарының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Бас имам ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылында атқарылатын 7 бағытқа жеке тоқталды. Сонымен қатар «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша діни сауат ашудағы шәкірттердің санын көбейту, медресе түлектерін ауылдық жерге жұмысқа орналастыру, жоғары діни білімді кадрлар санын арттыруға басымдық беру мәселесі айтылды.

Ал «Уағыз-насихат және Ихсан» бағыты бойынша уағыз сапасына басымдық беру, ихсан аясында мақалалар шығару, онлайн және офлайн дәрістер санын арттыру мәселесі көтеріліп, өкілдікке қарасты «Жастар секторы» мен «Әйел-қыздар» секторы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» және «Балалар жылы» тақырыбына орай ірі іс-шаралар ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Ақсақалдар алқасы» мен «Әжелер мектебінің» жұмысын жандандыру, неке, талақ т.б күрделі сұрақтарды пәтуа бөліміне жолдау туралы да қарастырылды.

«Ақпарат және ағарту» бағыты бойынша әр имам 1 айда 1 мақала жазу, www.nurgasyr.kz сайтының оқырман санын арттыруға және әлеуметтік желі қолданушысы ретінде белсенділік танытуға шақырды.

Одан өзге «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық», «Діни оңалту» бағытындағы мәселелер қамтылып, арнайы тапсырмалар бекітілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру