Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Сұлтан: «Ар-Рахман» мешітіне бас имам тағайындалды

muslim.kz 04.02.2022 2294 0 пікір
Нұр-Сұлтан: «Ар-Рахман» мешітіне бас имам тағайындалды

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жұмаға жиылған жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, бас имам қызметіне осыған дейін «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келген Жомарт Анарбековтің тағайындалғанын жеткізді.

Мешіт жамағаты басқа қызметке ауысқан Руслан Байзақовқа алғыс айтып, ақ батасын беріп, ата салтымызға сай иығына шапан жапты.

Өз кезегінде Руслан  имам «Ар-Рахман» мешітінің гүлденіп-көркеюі мен іс-шаралардың ойдағыдай ұйымдастырылуына белсене атсалысқан жамағатқа ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру