Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Жаһандық өзгеріс жеке бастың өзгерісінен басталуы тиіс

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 04.02.2022 2332 0 пікір
Қызылорда: Жаһандық өзгеріс жеке бастың өзгерісінен басталуы тиіс

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Сыр имамдарының қатысуымен өткен алқалы жиында осылай үндеу жасады.

Өңірдің бас мешітінде өткізілген жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ-ның негізгі жеті бағыты: «Діни білім және ғылым», «Уағыз насихат және ихсан», «Дін мен дәстүр», «Ақпарат және ағарту», «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық» және «Діни оңалту» бағыттарына баса назар аударылып, бекітілген жұмыс жүргізу жоспарының  жүйелі атқарылуы тапсырылды.

Сонымен қатар, діни басқарманың кеңейтілген төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасаған  бағдарлық баяндамасы аясында, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына орай қоғам тыныштығын сақтап, ел бірлігін арттыру жолындағы игі жұмыстарды күшейту қажеттігі аталып өтті.

Жиын соңында Болатбек Ұласқанұлы имамдарды дін қызметкері ретінде рухани кемелденген парасатты тұлғаға тән қасиеттермен көпшілікке өнеге болу қажеттігін  түсіндіріп,  жаһандық өзгерісті жеке бастың өзгерісінен бастауға  шақырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру