Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Имамдардың алқалы жиыны

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 03.02.2022 2689 0 пікір
Павлодар: Имамдардың алқалы жиыны

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының алқалы жиыны өтті. Жиынға сондай-ақ Орталық мешіт қызметкерлері, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, «Мәшһүр Жүсіп қарилар дайындау орталығы» директорлары да қатысты.

Іс-шара Құран аяттарын оқумен басталып, облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ел тыныштығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде қабылданған шешімдерді баяндады.

Сонымен қатар жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндамасын талқылап, елімізде және облысымызда атқарылатын жылдық жоспарларды таныстырып, тапсырмалар жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру