Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 July 2025

21 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: «Шариғат шәлісі» рухани кеші өтті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 03.02.2022 3341 0 пікір
Ақтөбе: «Шариғат шәлісі» рухани кеші өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Шариғат шәлісі» рухани кеші өтті.

Шара барысында орамал тарихы айтылып, жаулық туралы монолог оқылып, көрініс қойылды. Орамалды насихаттау мақсатында 4 сән көрсетілімі өтті. Одан өзге викториналық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар «Орамалым – қорғаным» эссе байқауының жеңімпаздары жарияланып, І орынды Айгерім Есберген, ІІ орынды Махаббат Боранбаева мен Жанна Жұмабаева, ІІІ орынды Гүлназ Рахметова иеленді.

Рухани кешке өнер адамдары, ұстаздар, БАҚ өкілдері, «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері, Орал қаласынан келген блогерлер, психологтар мен кәсіпкерлер, әйел жамағаты қатысты. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі Жаңылай Килибаева мен актриса Жанна Сұлтанқұлова рухани кештен алған тебіренісі туралы айтып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

Айта кетейік, игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жалғасын тауып келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру