Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

07 July 2025

12 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Теміртау: Жамағат бірлігі дәріптелген рухани кеш

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 02.02.2022 2415 0 пікір
Теміртау: Жамағат бірлігі дәріптелген рухани кеш

Қарағанды облысы ​Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінде ерекше рухани кеш ұйымдастырылды.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жергілікті жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында ақ дастарқан жайылып, сүбелі сұхбат құру игі дәстүрге айналғаны белгілі.

Осы дәстүрдің аясында жүзеге асқан іс-шара барысында бас имам Естай Айтуғанұлы «Дін дегеніміз – насихат» тақырыбы аясында тұщымды уағыз айтып, салихалы ойларымен бөлісті.

Бұдан бөлек, жамағатқа діни тақырыптағы сұрақтар қойылып, нақты әрі толық жауап берген азаматтарға сараптамадан өткен діни әдебиеттер табыс етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру