Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: «Ағартушы имам» курсы басталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.02.2022 1983 0 пікір
Алматы: «Ағартушы имам» курсы басталды

Нұр-Мүбарак университетінде Алматы имамдарының білімін жетілдіруге арналған «Ағартушы имам» атты 2 айлық курс  жұмысын бастады.

Дін қызметкерлеріне Нұр-Мүбарак университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, философия ғылымының кандидаты Жалғас Сандыбаев екі айда имамдардың білімімен қатар біліктілігін арттыруға мүдделілік танытқанын айта келе, университеттің оқытушы-профессорлары да аталған аманатты барынша ықыласпен қолдайтынын жеткізді.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан: «2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндама жасап, ағарту саласын жаңғыртуға көңіл бөлу керектігін атап өтті. Алматы – үлкен мегаполис. Сондықтан мешіттердің де қызмет көрсету сапасы жоғары болуы қажет. Ал мешіттер имамдардың біліктілігімен бағаланады. Сол себепті біз қаладағы белсенді, жоғары діни білімі бар жас имамдарды іріктеп алдық. Нұр-Мүбарак университетіндегі кітапханадан қажет ақпаратты таба аласыздар. Оқытушы-профессорлар білімін алып, арнайы курсты тиімді пайдалануға мол мүмкіндік кезеңі туып тұр», – деп имамдарға сенім білдірді.

Енді екі ай бойы Құран Кәрім, заманауи фиқһ мәселелері, Усул фиқһ, Исламдағы қаржы сауаттылығы, Үкім аяттарының тәпсірі, қазіргі таңдағы хадистану мәселелері, араб тілі, шешендік өнер, ақида мәселелері, ахлақ, шариғат мақсаттары, Ислам және қазақ қоғамы, т.б. өзекті салалар бойынша дәрістер өтпек.

Имамдардың зияткерлік, ағартушылық қырын арттыру шарасы бұнымен ғана шектелмейді. Болашақта азаншылар жарысы секілді, қасиетті хадис білгірлері де бақ сынамақ. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлының айтуынша, дін қызметкерлерінің білімін арттырып, заман талабына сай зияткер тұлға болуы үшін жан-жақты шаралар мен жобалар жалғасын табады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру