Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: «Жамағатпен жүздесу» апталығы жарияланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 01.02.2022 1708 0 пікір
ШҚО: «Жамағатпен жүздесу» апталығы жарияланды

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен «Жамағатпен жүздесу» апталығы жарияланды.

Апталық барысында ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жамағатпен жүздесті. Бұл жолғы бас имамның жамағатпен жүздесуіне бірқатар аудандардың және шалғай ауылдардың жамағаты қамтылды.

Бас имам: «Биылғы 2022 жылды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы деп жариялады. Ең алдымен ұлтымыздың бірлігімен мемлекетіміздің тыныштығы басты назарда болуы тиіс. Сондықтан асыл дініміздегі бейбітшілікпен татулық, ынтымақ қағидасы кең көлемде насихатталуы керек. Әр адам өз бойына рухани асыл құндылықтарды: көркем мінезбен адамгершілікті, кішіпейілдікті, қайырымдылықты дарытса кемелді тұлға болып қалыптасады. Асыл дініміздің бірлік пен ынтымақ қағидаларын жан жақты насихаттаймыз» дей келе, адами құндылықтардан уағыз айтты. Ермек Қасболатұлы өз сөзінде өңірде ынтымақпен бірлікті насихаттауда жасалатын іс-шаралар жөнінде де әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар жиын барысында жамағаттардың қойған өзекті сұрақтарына Өскемен аймағы бойынша пәтуа өкілі Қанат Дауылбаев жауап берді. «Жамағатпен жүздесу» апталығы өңірде жалғасуда.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру