Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Құран Кәрім сыйға тартылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 26.01.2022 2390 0 пікір
Алматы: Құран Кәрім сыйға тартылды

Бүгін Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қайырымдылық мекемелері, медресе мен аудан мешіттеріне Құран Кәрім кітабын үлестірді.

«Рухани келісім конгресі» жеке қор Президенті Төлеген Мұхаммеджанұлының ұсынысымен қордың вице-президенті Әнуар Қатқылбайұлы Алматы орталық мешітіне әртүрлі өлшемдегі қасиетті Құран Кәрім кітаптарын табыстады.

1214 дана қасиетті кітап сегіз қайырымдылық мекемесі мен "Әбу-Ханифа" медресесіне және сегіз ауданға үлестірілді. Іс-шараға имамдар мен дін қызметкерлері қатысты. Құран жаттайтын шәкірттерге, жалпы мешіт  жамағатына мешітте қолдану үшін сыйға берілген сапалы қасиетті Құран Кәрім ұзақ жылдар қызмет етеді деп сенеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру