Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Қармақшы ауданына имам тағайындалды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.01.2022 2302 0 пікір
Қызылорда: Қармақшы ауданына имам тағайындалды

Қызылорда облысының Қармақшы ауданына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Өміржан Тобжанов бас имам болып тағайындалды.

Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Ырзақұлұлы ауданға арнайы сапармен келген облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлымен кездесіп,  жаңадан тағайындалған имаммен танысты. Сонымен қатар, кездесу барысында аудандағы діни ахуал тұрақтылығы мен қоғам тыныштығын сақтаудың маңыздылығы жайында сөз қозғалып, ел игілігі үшін бірлесе атқаратын игі істер қатарын көбейту керектігі айтылды. Сөз соңында аудан басшысы аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Жақсыбек Әбеновті «Құрмет грамотасымен» марапаттап, Өміржан Тобжановқа сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Абуов аудандық «Қармақшы ата» мешітіне ат басын бұрып, бесін намазын оқуға жиылған жамағат алдында «Ислам – бірлік пен бейбітшілік діні» тақырыбында насихат айтты. Ғибратты уағызын тағайындаумен жалғаған Болатбек Ұласқанұлы Жақсыбек Әбеновке алғыс білдіріп, жамағатқа жаңа имамды таныстырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру