Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз»

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 25.01.2022 1615 0 пікір
Маңғыстау: «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз»

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде осындай тақырыптағы ерекше сайыс өтті. Сайысқа қатысушылар хадистер мен мақал-мәтелдер айтып бақ сынады.

Атап айтқанда, сайыста Отан, туған жер, туған ел, атаананың қадірі, бірлік, ынтымақ, қонаққа құрмет, үлкенге құрмет, кішіге ізет және «40 хадис» тақырыбы қамтылды. Жарысқа Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті жанындағы сауат ашу курстарында дәріс алып жатқан шәкірттер зор ынтамен қатысты. 

«Өскелең ұрпақты елдің ертеңін ойлайтын иманды азамат етіп тәрбилеу – баршаның  міндеті. Балаларына Исламды, имандылықты сіңіремін деп мешітке қолынан жетектеп келген әрбір ата-анаға ризашылығымызды білдіре отырып, үміттеріңіз ақталсын деп дұға етеміз. Сонымен қатар осы істің басында жүрген ұстаз-имамдарға да алғыс айтамын» деді Ақтау қаласының бас имамы Құрбанбек Абдалиев. 

Сайысқа мешіт жамағатының ақсақалдары мен имамдар төрелік етіп, хадистер мен қазақтың мақал-мәтелдерін үндестіріп тебірене айтқан шәкірттердің үздіктерін анықтады. Жеңімпаздар мешіт есебінен қаржылай және демеуші жамағаттар тарапынан заттай сыйлықтарға ие болды. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру