Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бас имам – Бейімбет ауданында

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 24.01.2022 1612 0 пікір
Қостанай: Бас имам – Бейімбет ауданында

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет кезекті іссапармен Бейімбет Майлин ауданында болды.

Ол алдымен аудан әкімі Қайсар Мұржақыповпен кездесіп, өзекті мәселелер жайлы пікір алысты.

Содан кейін жергілікті «Әйет» мешітіне ат басын бұрып, осындағы алқа мүшелері және қадірменді ақсақалдармен осы жылы жүзеге асырылатын жұмыстар жөнінде ақылдасты.

Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен болған жүздесу де өте әсерлі өтті. Онда бас имам қазіргі таңдағы маңызды тақырыптар-ынтымақ пен бірлік, абырой мен ерлік, Отан алдындағы перзенттік парыз хақында уағыз айтты. Тәртіп сақшыларының қойған сұрақтарына нақты жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру