Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Онлайн уағыз-насихатқа басымдық беріледі

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 19.01.2022 1813 0 пікір
Ақтөбе: Онлайн уағыз-насихатқа басымдық беріледі

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен қала және аудан имамдарына арналған онлайн жиын өтті.

Жиын барысында ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің 2022 жылғы жоспары, елдегі төтенше жағдай кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарар жұмысы, жамағатқа айтылатын насихат пен бейнедәрістер, уағыздардың, БАҚ-қа шығатын сұхбат пен мақалалардың бағыт-бағдары талқыланды.

Сонымен қатар ҚМДБ халқымызды бірлікке, ынтымаққа, тыныштыққа шақыруды насихаттау мақсатында 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атағаны айтылып, Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес атқарылу керек мәселелер қаузалды.

Одан өзге әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыра отырып, онлайн уағыз-насихат жұмыстарына басымдық беру жөнінде де тоқталды.

Ел тұрғындары арасындағы жағдайды жақсарту, халық бірлігі мен ынтымағын қайта қалпына келтіру, қайырымдылық жұмыстарын көптеп жасау, халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру бағытында атқарылу тиіс күн тәртібіндегі шаралар жоспарланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру