Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Бір жылда 30 мешіт күрдел жөндеуден өтті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 29.12.2021 2217 0 пікір
Семей: Бір жылда 30 мешіт күрдел жөндеуден өтті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өңірлердегі көне мешіттерді күрделі жөндеуден өткізу тапсырылған болатын. Семей өңірінде тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай көне, ескі 30 мешітті жөндеу, жаңарту қолға алынды. 

Мәселен, Ұржар аудандық мешіті мен Айтпай ауылдық мешіті, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылдық мешіті, Абай ауданы Құндызды ауылдық мешіті, Аягөз ауданы Шыңқожа ауылдық мешіті, т.б. құлшылық ордалары күрделі жөндеуден өтті.

Бас имам Асқар Әбітайұлы мешіттің құрылысына белсене атсалысқан демеушілер мен жомарт жандарға алғыс хат тапсырып, рақметін жеткізді.

«Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған» дейді бас имам. 

Семей өңірі тәуелсіздік мерекесіне орай 30 игі шара бағдарламасын жасап, жоба аясында көптеген игі істер атқарылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру