Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қызылорда: Шиелі мешіті жанынан асхана ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.12.2021 952 0 пікір
Қызылорда: Шиелі мешіті жанынан асхана ашылды

Қызылорда облысы Шиелі аудандық орталық мешіті жанынан асхана ашылып, халық игілігіне берілді.

Мешіт асханасының ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтап, демеушілік жасаған барша азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Мешіт асханасының құрылысы 2020 жылы басталды. Ауыл ақсақалдары өз зейнетақыларын жинап, іргетасын қалап әрі қарай ауыл тұрғындарының демеушілігімен асхана құрылысы аяқталды. Асхана 200 адамға арналған.

Сапар аясында Болатбек Ұласқанұлы Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбековпен кездесті. Кездесу барысында аудандағы діни ахуал мен мешіттердің қызметі жайында әңгіме өрбіді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру