Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Бас имамға «Жомарт жүрек» сыйлығы берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.12.2021 2395 0 пікір
Маңғыстау: Бас имамға «Жомарт жүрек» сыйлығы берілді

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін құттықтау салтанаты өтті.

Облыстық меценаттар форумы аясында өткен іс-шарада «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымы бойынша өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы марапатталды.

Бұл марапатты Әнуар Ізімбайұлының атынан облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы алды.

«Имамдардың еңбегі өлшеусіз болғанымен, кейбір кезде көзге көрінбейді. Имам деген – мешіт қызметкері ғана емес, бәлкім қоғамның рухани дәрігерлері һәм рухани тәрбиешілер. Олардың ел ынтымағы жолында атқарып жатқан жұмыстарын да айта кету керек. Осы орайда бізді аталмыш марапатқа лайық деп санаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлына ерекше алғысымды білдіремін.

Бұл марапат – Маңғыстау облысының барлық дін қызметкерлерінің жұмысының жемісі. Ортақ марапат ретінде қабыл алыңыздар. Баршаңызға Алланың нұры жаусын. Риясыз атқарылған істеріңіздің екі дүниеде жақсылығын көріңіздер», делінген облыс бас имамының хабарламасында.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру