Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Павлодар өңірінде 100-мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 24.12.2021 2333 0 пікір
Павлодар өңірінде 100-мешіт ашылды

Павлодар облысы Ақсу ауданына қарасты Алғабас ауылында аймақтағы 100-мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа мешіттің ашылуына облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақсу ауданының бас имамы Әбдімүтәли Омаров қатысып, ауыл халқын құттықтады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен игі шарада отаншылдық жөнінде насихат айтылып, ақсақалдар бата берді.

Мешітті ауылдағы шағын кәсіпкерлердің көмегімен тұрғындар бірлесіп тұрғызған. Мешіт 70-80 адамға арналған, күмбезі бар, имам бөлмесі, дәрет алып жуынатын орын, киім ілетін дәлізі бар. Сонымен қатар алдағы уақытта діни рәсімдер жүргізіліп, ас беруге арналған асхананың да іргетасы қаланған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру