Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Талдықорған: Жетісу имамдары жылды қорытындылады

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 22.12.2021 958 0 пікір
Талдықорған: Жетісу имамдары жылды қорытындылады

ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысы өтті.

Жетісу аймағының бас имамы Алмас Сағидоллаұлының төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста өңір имамдары 2021 жылы атқарылған іс-шаралар есебін баяндады.

Есеп беру үлгісіне сәйкес мешіттердің қорытынды мәліметтері арнайы слайд ретінде экраннан көрсетіліп, жазбаша үлгісі тапсырылды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі мешіттер «Ихсан» жылы аясында жеті бағыт бойынша жұмыстарды жүзеге асып келеді. Осыған сәйкес, бас имамдар уағыз-насихат жұмысы (онлайн және офлайн форматта өткен), оқу-ағарту бағыты, қайырымдылық шаралары, теріс ағыммен жұмыс, пәтуа және діни рәсімдер, мешіт істері мен шаруашылық, Жастар және Әйел-қыздар секторлары бойынша, имамдардың Баспасөз және БАҚ-пен жұмыстары бойынша есеп беріп, қосымша сұрақтар бойынша да толыққанды мәлімет беріп отырды.

Жиналыс соңында келесі жылғы жұмыс жоспарына байланысты діни қызметкерлер ұсынысы мен өтініштері тыңдалып, ортақ жобалар түзілді. Өкілдіктің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша келесі жылға нақты тапсырмалар жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру