Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

СҚО: Имамдар жылды қорытындылады

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 21.12.2021 2176 0 пікір
СҚО: Имамдар жылды қорытындылады

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық «Сейдахмет Хазірет» мешітінде облыс бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен аймақ имамдарының жылдық есептік жиналысы өтті.

2021 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіт имамдары қатысты. Жиын барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген 7 бағыт бойынша атқарылған істердің қорытындысы шығарылды. Яғни, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары және аудандардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет берілді.

Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы аталған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы қызмет барысында сәттілік тілеп, келер жылға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру