Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Теміртауда «Тәуелсіздік – тұғырым» іс-шарасы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 20.12.2021 2071 0 пікір
Теміртауда «Тәуелсіздік – тұғырым» іс-шарасы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты алқалы жиын өтті.

Ақ дастарқан басында жүзеге асқан іс-шараның шымылдығы ел Тәуелсіздігінің жолында құрбан болған боздақтардың рухына бағышталған қасиетті Құран аяттарымен ашылды.
 
Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің және жергілікті ақсақалдар алқасы ұйымдастырған жиынға Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Саятұлы, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы, жергілікті ақсақалдар алқасының мүшелері арнайы қатысып, айтулы мерекеге байланысты жылы лебіздерін білдірді.
 
Самат Саятұлы Теміртау қаласының әкімі Қайрат Баяндыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, бас имам Естай Айтуғанұлын алғыс хатпен марапаттады.
 
Өз кезегінде Естай Айтуғанұлы құлшылық үйлерінің ізгі бастамаларына атсалысып, қолдау білдіріп жүрген қазыналы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты асыл аналарымызға рахметін айтып, алғыс хаттар табыс етті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру