Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақмола имамдары жылды қорытындылады

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 20.12.2021 2010 0 пікір
Ақмола имамдары жылды қорытындылады

Ақмола облысының имамдары жылды қорытындылап, келер жылы атқаратын істерді бекемдеген басқосу өткізді.

Өңірдің бас имамы Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен өткен жиынға барлық аудан және қала имамдары қатысты.

Бас имам өз сөзінде биылғы жылдың оңай болмағанын атап көрсетті. Адамзатқа ауыр зардабын ала келген коронавирус дерті толық аласталған жоқ. Әлсін-әлсін карантиндік сақтандыру жүзеге асты. Соған қарамастан мешіттер Мүфтияттың тапсырмаларын жүйелі түрде орындап, діни насихатты да, қайырымдылық шараларды да жүзеге асыруға тырысты.

Келесі жылы да ауқымды жұмыстар тұр. Әр имам, әр діни қызметкер бұған жан-тәнімен атсалысуы керек. Өңірдің имамдары өз есептерін беріп, істеген жұмыстарын тізбеледі. Белсенділігімен көзге түскен дін қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру