Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының өкілдігі ашылды

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 14.12.2021 2175 0 пікір
Семей: «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының өкілдігі ашылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылды.

Орталықтың ашылу рәсіміне Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы және қала, аудан имамдары қатысты. Осыған орай бас имам жиналған имамдарға «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жерлеу рәсімдерінде ысырап пен бәсекеге жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екенін және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екені туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру