Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Үміткерлер діни сараптамадан өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 14.12.2021 2084 0 пікір
Өскемен: Үміткерлер діни сараптамадан өтті

Өскемен аймағында діни мамандар жетіспейтін мешіттерге қызметке тағайындалатын үміткерлердің біліктілігін сараптау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде діни сараптама өтті.

Сараптама комиссиясы құрамында Бас мүфтидің кеңесшісі К.Дүйсенбай, ҚМДБ бөлім меңгерушілері М.Жаппасбаев, Н.Ақжол болды. Комиссия мүшелері діни қызметке үміткерлердің білімі мен біліктілігін сараптады. Олар Құран мен ақида және фиқһ ілімдерінен сынақ тапсырды. Сонымен қатар Имамдар форумында қабылданған концептуалды құжаттар, Діни қызмет туралы заңдар бойынша сынақ тапсырды.

Сараптама жұмысы туралы Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Өңірдегі бірқатар мешітті имамдармен қамтамасыз ету бағытында осы сараптама жұмысы ұйымдастырылып отыр. Сынаққа қатысушылар – діни білім жетілдіру курстарынан өткен қызметке лайық үміткерлер. Заман талабына сай діни қызметкерлеріміз жан-жақты, білімді болуы шарт. Олар Құран, ақида, фиқһ және ҚМДБ-ның негізгі құжаттарын жеттік меңгеріп, талаптарға сай болуы тиіс» деп атап өтті.

Өскемен өкілдігі сараптамаға тыңғылықты әзірлік жасап, жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Сараптамадан оң нәтиже көрсеткен діни қызметке үміткерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен мешіттерге діни қызметке тағайындалады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру