Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2025

17 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Балуандар бақ сынады

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 13.12.2021 1970 0 пікір
Қостанай: Балуандар бақ сынады

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Ұзынкөл ауданына іссапармен барды.

Алдымен ауданда қазақ күресінен ұйымдастырылған жарыста балуандарға сәттілік тіледі. Осынау шеберлік пен бап сыналар сайысқа 80 жасөспірім қатысты.

Жарыста үздік атанған Нұрлан Әміреш бас жүлдені жеңіп алып, түйе палуан атанды. Оған жүлдеге ақ қошқар табыс етілді.

Күрес қорытындысында жүлдегер жас палуандарға арнайы дайындалған медальдар тапсырылды. Барлық қатысушылар сый-сияпат пен құрметке бөленді.

Бас имам сапар барысында аса маңызды басқосулар мен кездесулердің ажарын кіргізіп, жиналған қауымды алдағы айтулы мерекемен құттықтады.

Ұлы мерекенің құрметіне дастарқан жайылып, ас берілді. Онда да жеңімпаздардың атына жылы лебіздер айтылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру