Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Сағындық сені, иә, Расулалла» кеші өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 14.11.2021 1839 0 пікір
Қызылорда: Сағындық сені, иә, Расулалла» кеші өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Нартай Бекежанов атындағы драма театрда «Сағындық сені, иә, Расулалла» атты рухани кеш өтті.

Мерейлі кеш шымылдығы Алланың кәләмі Құран аяттарын оқумен ашылып, қазақ тілінде «Мәуліт» жыры оқылды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы сапармен келіп, тұрғындарды мәуліт мерекесімен құттықтап, ардақты пайғамбар жайлы салихалы насихат айтып сағынышын білдірді.

Шараға елімізге тағылымды қойылымдарымен танымал «Өнер қырандары» театры арнайы шақырылды. Кеште салауаттар, мағыналы жырлар, діни әндер айтылып, мәнді көріністер көрсетіліп, монолог оқылды.

Кешті тамашалауға келген халыққа тағылымды кітаптар сыйға тартылды.

Шара соңында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған барша халыққа және осы кештің жоғары деңгейде өткізілуіне демеушілік көмек көрсеткен «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдігіне, атсалысқан барша жандарға риясыз ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, «Өнер қырандары» театрына алғыс білдіріп, Мадияр Серікбаевқа қазақы салтпен шапан жапты.

Хас өнерлі тұлғалар Алла елшісіне деген сағынышты өнердің тылсым тілімен жеткізді. Жиылған халық сағыныштан толқып, көздеріне еріксіз жас алды. Рухани кештің әсерлігі сол, адамзаттың ардақтысын сағынған жүректің бұл кеште жыламауы- мүмкін емес еді...

«Жыл сайын Мәуліт мерекесін ерекше күтемін. Отбасымызбен сіздер ұйымдастырған шараға біріншілердің қатарында келеміз. Бұл кеште жүрегім қатты толқиды, адамзаттың ұлы ұстазы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбарыма деген сағынышым одан әрі толықсып, жанарыма еріксіз жас ала отырып, салауатты сағынышпен жолдаймын. Рухани кештен, мол мағына, ерекше әсер алдым»  деп кеш көрермені толқынысын жеткізді.

Алласын ұлықтап, пайғамбарын патшасындай құрмет қылған Сыр халқы осы бір игі ізден жаңылмай, сағынышпен салауат жолдаған, көңілден кетпес ғибратты кештің куәгері болды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру