Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қостанай: Садақ ату – сүннет

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.11.2021 2731 0 пікір
Қостанай: Садақ ату – сүннет

Ата-бабамыздан келе жатқан мұрамызды жаңғырту мақсатында Қостанай өңірінде ұлттық дәстүрлі садақ ату клубы ашылып, оған куә болған тұрғындар ерекше қуанышқа бөленді.

Бұған қазақтың аяулы қызы Науырзым ауданының тумасы, садақ атудан республика чемпионы Аяулым Аппазова жетекшілік етеді.

Намысты да жігерлі бауырымыздың ендігі көздеген мақсаты – алдағы уақытта ұлттық спортымыздың осы түрін өңірімізде жаңғырту. Сол мақсатта Қостанай аймағындағы кәсіпкерлер палатасының көмегіне сүйенген. Кәсіпкерлер оның бастамасына қолдау білдірді.

Жоғарда аталған клубтың салтанатты ашылуына ҚМДБ Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет қатысып, Аяулым Аппазоваға шынайы алғысын білдіріп, батасын берді.

Сонымен қатар өңірдегі «Олжа-Агро» серіктестігі де ұлттық спорт ойындарына қолдау білдіретін болды. Енді осы клубта Қостанайдың жас жеткіншектері, талапты ерлер мен әйелдерге садақ ату үйретілмек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру