Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: Шемонаихада еркін күрес біріншілігі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 04.11.2021 1824 0 пікір
ШҚО: Шемонаихада еркін күрес біріншілігі өтті

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы орталығында Мәуліт айының құрметіне жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудандық біріншілік болып өтті.

Сайысты Шемонаиха аудандық мешіті ұйымдастырды. Бәсекеге ауданнан 40-тан астам жас палуан қатысып, боз кілемде белдесті. Білек күшімен қарсыластарының жауырынын жерге тигізген палуандарға аудандық мешіттен алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Шемонаиха ауданының бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан Мәуліт айында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балалардың арасында еркін күрес сайысын ұйымдастырдық. Шара аса тартысты, қызықты өтті. Сонымен қатар бәсекеге қатысушы жас палуандарға халық риза болды» деп атап өтіп, сайыстың мақсатына тоқталды.

Сайыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, көрермен аудандық мешіт ұжымына алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру