Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: «әл-Машани» мешіті Мәуліт мерекесін өткізді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 03.11.2021 1674 0 пікір
Қарағанды: «әл-Машани» мешіті Мәуліт мерекесін өткізді

Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақтысы Әз Мұхаммед» атты мәуліт кеші өтті .

Берекелі іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы және «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазы Амангелді Тілекқабыл арнайы қатысып, аймақ тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Рухани кеште «әл-Машани» мешітінің имамы Жанболат Қошкелдіұлы уағыз-насихат айтып, кеш қонақтарына ілтипатын жеткізді. Бұдан кейін «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Мұратұлы Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.

Мәуліт мерекесінде Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтылып, жамағатқа Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, «әл-Азһар» университетінде білімін жетілдіріп жатқан имам Елдос Қуандықұлы кештің құрметті қонақтарын арнайы бейне байланыс арқылы құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру