Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Ризабек Батталұлы – Ақжайық төрінде

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 25.10.2021 2538 0 пікір
БҚО: Ризабек Батталұлы – Ақжайық төрінде

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы-теолог Ризабек Батталұлы мен облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов арнайы іссапармен келді.

Алғашқы кездесу «Дін мен дәстүр – қазақылығымыздың таңбасы» тақырыбында Бөрлі ауылдық колледжінің жатақхана студенттерімен кездесті. Кездесу барысында дәстүр мен дін біте қайнасқан қазақы тәрбиенің маңызы айтылды. Сонымен бірге қонақтар жат идеологияның құрығына түсіп қалмау үшін сақтану шараларын айқындап берді.

Одан кейін діни рәсімдерді өткізіп жүрген имам-молдаларға арналған «Халық арасында діни рәсімдерді дұрыс орындауға үндеу» тақырыбында имам молдаларға оқыту семинары өтіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Мешіт жамағаты және аудан тұрғандарымен кездесу болып, «Ислам – бірлік пен ынтымақ діні» тақырыбында уағыз насихат айтылып, «Берекелі жамағат» ерікті қорының ұйымдастыруымен 10 отбасы төмен жандарға 8200 теңге құрайтын қоржындарды тегін таратты.

Екінші күні Ризабек Батталұлы Орал орталық мешітіне арнайы келіп, Мейрамбек Ақылбекұлы ұстазды жамағатқа таныстырып, сөз тізгінін ұсынды. Ризабек Батталұлы жиналғандарды мәуліт айымен құттықтап ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді.

Үшінші күні Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов Ризабек Балталұлын жылы жүзбен қарсы алып, жамағатпен жүздестеріп, салихалы кездесу болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Айта кетейік осы іс-шараларды Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Ерлан Айтеновтың бастамасымен «Парасат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру