Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Нұр Астана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті

ummet.kz 23.10.2021 2439 0 пікір
«Нұр Астана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті

Мүбәрак мейрамды атап өтуді жыл сайын назардан тыс қалдырмайтын елордадағы «Нұр Астана» мешіті бүгін Мәуліт кешін ұйымдастырды.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазановтың игі бастамасымен өткен шараға зиялы қауым өкілдері, абыз, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер және жастардан құралған мешіт жамағаты қатысты.

Сауапқа толы ізгі шарада Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасынан (өмірбаяны) сыр шерткен Мәуліт жыры оқылып, жиылған жамағат Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат, сәлем жолдады. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

Рухани кештің өтуіне атсалысқан «Сауап» белсенділер тобы да әдеттегідей жомарттық танытып, сауапты шарада бой көрсетті.

Алла елшісіне салауат жолдап, қарияларға құрмет көрсетіп батасын алған мешіт ұжымына келген қонақтар дән ризашылығын білдірді.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру