Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Мәуліт кешінде насихат айтты

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 20.10.2021 2129 0 пікір
Атырау: Мәуліт кешінде насихат айтты

Қасиетті Мәуліт мерекесіне орай Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде рухани кеш өтті.

Іс-шараға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, жамағатқа насихат айтты.

«Мінезі Құран болған әз Пайғамбар» тақырыбында айтылған насихатында бас имам жамағатты бірлікте болуға, көркем мінезді болуға шақырды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш нәрседен сақтанатын: тартысудан және ұрсудан, қажетсіз сөйлеуден, сондай-ақ өзін қызықтырмайтын іспен айналысудан. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөйлеген кезде барлық сахабалар үнсіз қалып, бастарын иіп тыңдайтын.

Көпшілік бір нәрсеге күлсе, ол тек күлімсіреп қоятын. Егер бөтен біреу оған құрметсіздік жасап, дөрекі сөйлейтін болса, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны сабыр етіп, үнсіз тыңдайтын. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзін мақтағанды жақсы көрмейтін.

Екі дүниенің ардақтысы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осындай өнегелі мінез-құлыққа ие болған» деп түйіндеген бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезінен үлгі алуға үндеді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру