Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Діни бірлестік өкілдері марапатталды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 20.10.2021 1760 0 пікір
БҚО: Діни бірлестік өкілдері марапатталды

Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Set Seil» паркінде Рухани келісім күніне орай «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Жиынға облыстағы діни бірлестіктердің өкілдері, облыстық Дін істері басқармасы және Орталық мамандары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртістері қатысты.

Шара барысында Орталық басшысының міндетін атқарушы М.Кабдоллин, БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы және өзге де діни бірлестіктердің өкілдері атаулы мерекеге орай құттықтауларын жеткізді.

Шараға қатысушылар асық ату, садақ ату және басқа да қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, топ-топқа бөлініп, күш сынасты.

Шағын жарыстың қорытындысы бойынша діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру