Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: ЖАНТ сапары Рудныйда жалғасты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 20.10.2021 2048 0 пікір
Қостанай: ЖАНТ сапары Рудныйда жалғасты

ЖАНТ мүшелерінің сапары Қостанай облысының Рудный қаласында жалғасты. Онда насихат-дәрістерге ерекше назар аударылды.

Мәселен, «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев қалалық ішкі саясат бөлімімен келісе отырып, «Жастар ресурстық орталығы» директоры Дәурен Қайратұлымен бірге қаладағы оқу орындарында болды.

Сонымен қатар қаладағы Педагогикалық колледж, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы, Ішкі істер басқармасы, Пробация және Жастар ресурстық орталығындағы кездесулер де әсерлі өтті.

Ақпараттық-насихат тобы мүшелері аталмыш ұжымдарда «Жат ағымның алдын-алу және дін мен дәстүр сабақтастығы негізіндегі тәлім-тәрбие» атты тақырыптарда тыңдармандарға дәріс оқыды.

Студенттер мен түрлі санаттағы қауым имамдардың тағылымды әңгімелерін көкейлеріне түйіп, өздерінің ойларын ортаға салды. Басқосуларға облыстық мешіттің наиб имамы Абзал Бейсекеев, Лисаков қаласы мен Алтынсарин, Қарабалық, Әулиекөл аудандарының бас имамдары Сабыржан Есмурзин, Нұрлан Сейдағалиев, Серік Рахимов және Нұрлан Сыздықовтар насихат жұмысын жүргізді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру