Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: «Ақмешіт» командасы – бас жүлдегер

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.10.2021 1787 0 пікір
Шымкент: «Ақмешіт» командасы – бас жүлдегер

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 қазан – Рухани келісім күніне орай діни конфессия өкілдерін марапаттау шарасы өтті.

Рухани басқосу шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов және бірқатар діни конфессия өкілдері қатысты.

Игі шара аясында жыл бойы атқаралған нәтижесі жұмыстар сараланды. Әкімдіктің ұйымдастыруымен бір айы бойы өткізілген дін өкілдері арасында спорттық шаралары, яғни футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша тартысты бәсекелер өткен болатын. Жарыс нәтижесі бойынша үш спорт түрінен ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты «Ақмешіт» командасы бас жүлдегер атанды.

Шыңғыс Мұқан Бас жүлде иегерлерін рухани келісім күні мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына алғыс хат пен жарыс кубогын табыстады.

Айта кетсек, игі шара «Аламан» спорт кешеніндегі сайысқа қаладағы діни бірлестіктер мен дін істері басқармасынан жалпы 10 команда қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру