Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Облыс әкімі бас имамды қабылдады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 19.10.2021 2032 0 пікір
Маңғыстау: Облыс әкімі бас имамды қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлын қабылдады.

Рухани келісім күніне орайластырылған кездесу барысында Әнуар Ізімбайұлы облыс әкіміне елдімекендердегі діни ахуалды баяндай келе, жергілікті мешіттер тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі имамдардың қызметі жайлы айтып берді.

Кездесу соңында бас имам Нұрлан Асқарұлына ҚМДБ-ның Ихсан іліміне ерекше көңіл бөліп, бұл ұстанымды республикалық деңгейде кеңінен насихаттап жатқанын айтып өтіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру