Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 July 2025

21 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Сұлтан: Жүлдегер қариды құрметпен қарсы алды

muslim.kz 15.10.2021 3008 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Жүлдегер қариды құрметпен қарсы алды

Қазан айының 12-13 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен киелі Түркістан шаһарында өткен Х Республикалық Құран байқауының жүлдегері Ерболат Шаудырбайды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы құрметпен қарсы алды.

Іріктеу жарысынан суырылып шыққан 74 қари республикалық байқауға бақ сынаса, «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерболат Шаудырбай мәнерлеп оқу бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Республикалық Құран байқауында елорда намысын қорғап, абыройын асқақтатқан жас қариды кеше Нұр-Сұлтан әуежайында бас мешіт ұжымы құрметпен қарсы алды. Дін қызметкерлері жүлдегер әріптестеріне құттықтау лебіздерін білдіріп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру