Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Әжелердің кеңесін тыңдады

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.10.2021 1801 0 пікір
Өскемен: Әжелердің кеңесін тыңдады

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Өскемен аймақтық өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Ақ жаулықты асыл қазына» іс-шарасы өтті. Жиынға әжелер, аналар, мешіт шәкірттері қатысты.

Жиында Исламдағы отбасылық тәрбиесі, әйелдің мәртебесі тақырыптар көтерілді. Ақ жаулықты әжелер өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жастарға кеңес берді. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин Мәуліт айындағы осынау берекелі шараның маңызына тоқталды.

«Біз өкілдіктен арнаулы жоспар жасап, қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуды қолға алдық» деген наиб имам қасиетті Мәуліт айында өңір бойынша бірқатар қайырымдылық шаралары мен тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтетінін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру