Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Мүбарак студенті – қола жүлдегер

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 11.10.2021 2053 0 пікір
Нұр-Мүбарак студенті – қола жүлдегер

Нұр-Мүбарак университетінің 3-курс студенті Әмір Қадыров ерлер мен әйелдер арасында дзюдо күресінен өткен Алматы облысының чемпионатында 100 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың қолымен мақтау қағазына ие болған жас спортшы Әмір Қадыровты университет басшылары да жеңісімен арнайы құттықтады.

Академиялық мәселелер департаментінің директоры, доцент Жалғас Сандыбаев: «Оқумен қоса спорттық бәйгелерде оза шауып, университетіміздің абыройын асырып жүрген студентіміз Әмір Қадыровты кезекті жеңіс белесімен құттықтап, әрдайым тұғырың биіктей беруіне тілекшіміз», – деп қуанышын білдірді.

Жеңімпаз студент Әмір Қайратұлы: «Додада жеңіс тұғырына көтерілу мен үшін зор қуаныш. Білімде, спортта, жалпы кез-келген салада табандылық маңызды. Бастаған істі соңына дейін, ақтық шамаң жеткенше күресу, өз нәпсіңмен, теріс оймен, еріншектікпен күресу, бойыңдағы керітартпа мінездермен күресу және шалыңсан да, құласаң да, нәтижеге  жетсең де Алланың қалауымен болғаны түсіну қажет. Оның бәрі – сабақ, тәжірибе», – дей келіп университет басшылығына, барша ұстаздарға алғысын жеткізді. Алдағы уақытта жеңіс туын тіктеуге бар күш-жігерін салатынын айтып, ағынан жарылды.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру