Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Өскемен: Жас қарилармен жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 05.10.2021 2290 0 пікір
Өскемен: Жас қарилармен жүздесті

Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан X республикалық байқауының аймақтық іріктеуі өткен болатын. Осы байқау жеңімпаздарын Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы қабылдады.

Қарилармен кездесуде Ермек Қасболатұлы: «Қарилар қасиетті Құранды бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғанын көрсетті. Іріктеу сайысы Құран оқу шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Дініміздің алтын діңгегі – қасиетті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерімізге алғыс білдіреміз» деді.

Іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген бас имам оларға алда болатын республикалық сайысқа сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жас қарилар – Өскемен қаласында ашылған «Халифа Алтай» қайырымдылық мекемесінің шәкірттері.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру