Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Қарияларға құрмет көрсетті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 05.10.2021 2346 0 пікір
Семей: Қарияларға құрмет көрсетті

Семей өңірінің имамдары ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті.

Имамдар қарияларға арнап дастарқан жайып, үлкендердің ақ батасын мен ризашылығын алды. Шара барасында өңірдің бас имамы Асқар Әбітайұлы асыл қазыналарымызға денсаулықтары мықты, ауру-сырқаттан аулақ болуын тілеп, уағыз-насихат айтты. 

Жүздесу соңында карантин уақытында дүниеден өткен қарттарға және асқа себепкер болған анамыз Бибісара Әбдіжаппар қызының рухына Құран хатым оқылып, сауабы бағышталды.

Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары да мерекелі күнде қарттарды назардан тыс қалдырмай, сый-құрмет көрсетті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру