Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тараз: Жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.10.2021 1734 0 пікір
Тараз: Жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Тараздағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің спорттық алаңында ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» ұранымен спорттық ойын өтті.

Шараны Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев алғысөзімен ашып, экстремизм мен терроризмнің қоғамға алып келетін зиянын, теріс бағытқа түсіп кетпес үшін діни сауатты болудың маңыздылығын тілге тиек етті. Ал жат ағыммен жұмыс бағытына жауапты маман Жалғас Жұбатқанов ойынды ұйымдастырудағы мақсатты айтып, жастарды ұйымшылдықта, ауызбіршілікте болуға шақырды.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің атсалысуымен кіші футболдан өткен сайысқа 4 команда қатысып, бақ сынады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру